Мәзір
Теннис

Юлия Путинцева Брисбен турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Юлия Путинцева Брисбен турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Негізгі кезеңге жолдама үшін өткен шешуші матчта Путинцева әлемдік рейтингте 206-орында тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен кездесті. Қарсыластар арасындағы ойын 2 сағат 14 минутқа созылып, 1:6, 7:5, 6:1 есебімен Гадекидің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында қазақстандық теннисші тағы бір жергілікті спортшы Присцилла Хонды 6:4, 6:3 есебімен жеңген еді.

 

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар