457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юлия Путинцева Брисбен турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 65-ракеткасы, америкалық Хейли Баптистаны айқын басымдылықпен жеңді.

Қазақстандық, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған болатын. Чехиялық Каролина Плишкова жарысқа қатысудан бас тартуына байланысты оның орнын негізгі турнирде Ю.Путинцева алмастырды.

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 65-ракеткасы, америкалық Хейли Баптистаны айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:4.

Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Баптиста 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасады. 

Сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды. Доданы екінші айналымнан бастайтын Е.Рыбакина рейтингіде 76-орындағы қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Ол тартысты матчта әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгерді жолдан тайдырды – 6:4, 5:7, 6:4. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина қатысатын Брисбен турнирінің жеребесі тартылғанын жазған едік. 

Фото: ҰОК