457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юлия Путинцева АҚШ турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық спортшы жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетуде.

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстандық спортшы жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалда олар Грузия өкілі Екатерина Горгодзе мен Мексика спортшысы Рената Сарасуадан құралған жұпты үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Қорытынды есеп - 3:6, 7:5, 10:7.

Финалға жолдама алу үшін Путинцева мен Коччаретто америкалық Кэтти Макнелли және Дезире Кравчикпен кездеседі.

Фото: ҰОК