457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Янник Синнер қатарынан екінші рет Уимблдон турнирінде жеңіске жетті

Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон турнирінің чемпионы атанып, бұл жарыстағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Германия өкілі Александр Зверевпен кездесті. Төрт сетке созылған тартысты матч 3 сағат 46 минутқа жалғасып, 6:7 (7:9), 7:6 (7:2), 6:3, 6:4 есебімен Синнердің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, италиялық теннисші Александр Зверевке қарсы жеке кездесулердегі басымдығын 11:4-ке жеткізді. Сонымен қатар ол германиялық қарсыласын 2024 жылғы Цинциннати турнирінен бері қатарынан оныншы рет жеңіп отыр.

24 жастағы Янник Синнер қазіргі таңда ATP рейтингінде көш бастап тұр. Бұл – оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі бесінші чемпиондығы. Бұған дейін ол Аустралия ашық чемпионатын (2024, 2025), АҚШ ашық чемпионатын (2024) және Уимблдонды (2025, 2026) жеңіп алған.

Синнердің еншісінде ATP турнирлеріндегі 29 чемпиондық атақ бар. Сондай-ақ ол Италия құрамасы сапында Дэвис кубогын екі рет (2023, 2024) жеңіп шыққан.

29 жастағы Александр Зверев ATP рейтингінде үшінші орында тұрғанымен, Уимблдон аяқталғаннан кейін екінші сатыға көтеріледі. Биыл ол мансабында алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп, «Үлкен дулыға» иегері атанған болатын.

 

Фото: Cameron Spencer/Getty Images