457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Янник Синнер Джоковичті жеңіп, Уимблдон-2026 финалына шықты

Өткен маусымда Синнер финалда испаниялық Карлос Алькарасты жеңіп, Уимблдон чемпионы атанған болатын.

Лондонда өтіп жатқан Уимблдон-2026 турнирінде ерлер арасындағы жекелей сындағы финалистер анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер жартылай финалда сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет Уимблдон финалына жолдама алды. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Өткен маусымда Синнер финалда испаниялық Карлос Алькарасты жеңіп, Уимблдон чемпионы атанған болатын. Биыл Алькарас жарақатына байланысты турнирге қатысқан жоқ.

Ал алғашқы жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы, германиялық Александр Зверев Ұлыбритания өкілі Артур Фериді 7:6 (7:0), 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Айта кетейік, Артур Фери ATP рейтингінде 114-орында тұр және Уимблдон тарихында wild card арқылы жартылай финалға дейін жеткен екінші теннисші атанды.

Зверев мансабында алғаш рет шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Ол биыл алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетіп, «Үлкен дулыға» санатындағы алғашқы титулын иеленген еді.

Уимблдон-2026 турнирінің ерлер финалында Янник Синнер мен Александр Зверев кездеседі. Шешуші матч 13 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 15:00-ден ерте басталмайды.

Ал әйелдер арасындағы финалда 12 шілдеде чехиялық Каролина Мухова мен Линда Носкова чемпиондық атақты сарапқа салады.

Фото: Getty Images