Australian Open-2020 турнирінің жұптық сайысында финалис атанған аустралиялық теннис Люк Сэвилл Елена Рыбакина маусымның қорытынды кезеңі саналатын WTA финал турнирінде қарсыластарына лайықты қарсылық көрсете алады деп есептейді, деп хабарлайды malimsports.kz.
2025 жылғы маусымның соңғы жарысында Рыбакина Ига Швёнтек, Аманда Анисимова және Мэдисон Кизбен бір топқа түсті.
«Рыбакина турнирге алтыншы нөмірмен өтті. Меніңше, соңғы жарыста жеңіске жетпегенде ол бұл тізімге енбейтін еді, бірақ қазір нағыз бәсекеге қосылды. Ол жабық корттарда өте қауіпті қарсылас, сондықтан оның ойынын көру қызықты болмақ», – деді Сэвилл The Tennis подкастында.
Елена Рыбакина WTA финал турниріндегі алғашқы кездесуін ертең, 1 қараша күні өткізеді. Оның қарсыласы – Аманда Анисимова.
Фото: ҚТФ