WTA 1000 тарихында алғаш рет ТОП-500 қатарына кірмейтін екі теннисші кездеседі
WTA 1000 турнирлері тарихында алғаш рет әлемдік рейтингтің ТОП-500 қатарына кірмейтін екі теннисші бір-бірімен кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл ерекше матч Miami Open 2026 турнирінің алғашқы айналымында өтпек.
Аталған кездесуде әлемнің 717-ракеткасы Слоан Стивенс пен 744-орында тұрған Дженнифер Брэди кортқа шығады. Екі спортшы да негізгі жарыс кестесіне арнайы шақырту — wild card арқылы қосылған.
Айта кетейік, WTA 1000 санатындағы турнирлерге әдетте әлемнің ең мықты теннисшілері қатысады. Сондықтан рейтингтің төменгі бөлігінде тұрған ойыншылардың мұндай деңгейдегі додада өзара кездесуі - сирек жағдай.
32 жастағы Стивенс - US Open 2017 чемпионы және 2018 жылғы Майами турнирінің жеңімпазы. Алайда қазіргі таңда ол негізгі турнирлерде қатарынан 14 рет жеңіліс тапқан.
Ал 30 жастағы Брэди 2021 жылы Australian Open 2021 финалына дейін жеткен болатын. Қазір ол да сәтсіз серияны бастан өткеріп жатыр — қатарынан үш матчта жеңілген. Биыл қаңтар айында америкалық теннисші екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралды.
Miami Open 2026 турнирі 17–-29 наурыз аралығында Hard Rock Stadium аренасында өтеді.
Фото: Getty Images
Әлем чемпионаты: Мексика Иран құрамасының матчтарын өткізуге әзір екенін мәлімдеді
Ең көп оқылған