Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Команданы Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова ұсынды. Алайда іріктеу кезеңінде жеңіліп, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:
Жекелей сайыс:
Ескендір Харки – Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) – 2:3
Сарвиноз Миркадирова – Марьям Али (Қатар) – 3:0
Сарвиноз Миркадирова – Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) – 0:3
Әйелдер жұптық сайыс:
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) – Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) – 0:3
Аралас жұптық сайыс:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) – 0:3
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирден шығып, негізгі кезеңге жолдама ала алмады.
Фото: ҰОК