Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
U11 жас санаты бойынша қыздар арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы Адель Вебер финалға дейін жетіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық теннисшілер Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлдеге ие болды.
Турнир барысында Қабдылуахитов Қытайлық Тайбэй өкілі У Ин Сюаньмен, ал Қасым Пэе Ю-Ханмен жұп құрып өнер көрсетті.
Фото: ҰОК