5 қыркүйекке қараған түні Нью-Йорктегі корттарда АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жекелей сындағы жартылай финалдық матчтары өтеді. Кортқа алғаш болып әйелдер санаты бойынша теннисшілер шықпақ, деп хабарлайды malimsports.kz.
Беларусь спортшысы Арина Соболенко америкалық Джессика Пегулаға қарсы ойын өткізіп, финал жолдамасын сарапқа салады. Одан кейін Артур Эш аренасында жапон теннисшісі Наоми Осака тағы бір америкалық Аманда Анисимовамен кездесетін болды.
Бұған дейін Анисимова әлемнің №1 ракеткасы Ига Швёнтектен(6:4, 6:3) басым түсіп, алғаш рет US Open жартылай финалына шыққан еді.
Айта кететін жайт, өткен жылы аталған турнирде Соболенко жекелей сындағы мансабында алғаш рет US Open-де жеңімпаз атанған. Сол сында ол америкалық Пегуладан айласын асырған. Биылғы кездесуде АҚШ спортшысы қарымта қайтаруға барын салады.
Ерлер санатында италиялық Янник Синнер «Үлкен дулыға» турнирлерінде қатарынан бесінші рет жартылай финалға шығып отыр. Теннисші 4 қыркүйек күні Нью-Йоркте отандасы Лоренцо Музеттиден 6:1, 6:4, 6:2 есебін басымдық танытты.
Әлемнің №1 ракеткасы енді 6 қыркүйекте канадалық Феликс Оже-Альяссиммен финалға жолдама үшін таласпақ. Ал екінші финалдық жұпта серб теннисшісі Новак Джокович испаниялық Карлос Алькараспен кезекті рет кездеседі.
Фото: Metaratings