Мәзір
Теннис

US Open: Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер турнирдің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 187 қаралым
US Open: Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер турнирдің ширек финалына шықты

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр.

Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.

Фото: olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар