457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасап, үшінші айналымға шықты

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, 

деп хабарлайды malimsports.kz
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.
Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 
Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. 
Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.

Фото. ҚР теннис федерациясы