Мәзір
Теннис

US Open: Зангар Нұрланұлы финалға бір қадам жетпей тоқтады

Сабина Асқарқызы 113 қаралым
US Open: Зангар Нұрланұлы финалға бір қадам жетпей тоқтады

Зангар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында (юниорлар арасында) қазақстандық жанкүйерлерге керемет әсер сыйлап, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финалда отандық теннисші ITF Juniors рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы, 2025 жылғы Уимблдон чемпионы болгариялық Иван Ивановпен кездесіп, 1:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, жарыс барысында Нұрланұлы америкалық Рошан Сантошты (№93 ITF Juniors) 6:2, 6:3; польшалық Аллан Важноны (№13 ITF Juniors) 6:4, 6:4; финляндиялық Оскари Полданиусты (№8 ITF Juniors) 3:6, 6:1, 6:2; ал ширек финалда 18 жастағы ресейлік Тимофей Дерепасконы (№15 ITF Juniors) 6:2, 6:4 есебімен ұтып, тарихи түрде жартылай финалға шыққан еді.

Бұл – 17 жастағы қазақстандық спортшының халықаралық аренадағы ең ірі жетістігі.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар