457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

US Open турнирінің жүлде қоры тарихта алғаш рет $100 млн-нан асты

Биыл турнирдің жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен.

Биыл Нью-Йоркте өтетін US Open теннис турнирінің жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетті. Маусымдағы «Үлкен дулыға» додасының соңғы жарысында спортшылар арасында жалпы 108 млн доллар жүлде қоры сарапқа салынады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Биыл турнирдің жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Осылайша US Open тарихта жүлде қоры $100 млн-нан асқан алғашқы теннис турнирі атанды.

Жекелей сында ерлер мен әйелдер арасындағы турнир жеңімпаздары 5,5 млн доллардан алады. Ал негізгі кезеңнің алғашқы айналымында өнер көрсеткен теннисшілердің әрқайсысына 140 мың доллардан беріледі.

Жұптық сында чемпион атанғандар 1 млн долларды өзара бөліседі. Сонымен қатар жаңа қолдау бағдарламасы аясында теннисшілерге тағы 2 млн доллар бөлінеді.

US Open турнирінің негізгі кезеңіндегі кездесулер 30 тамызда басталады.

Өткен жылы ерлер арасындағы жекелей сында испаниялық Карлос Алькарас, әйелдер арасында беларусьтік Арина Соболенко чемпион атанған еді.

Айта кетейік, биыл Новак Джокович, Янник Синнер, Арина Соболенко және Кори Гауфф бастаған әлемнің үздік теннисшілері «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жүлде қоры мен турнир ұйымдастырушыларының табысынан ойыншыларға берілетін үлесті арттыруды талап етті. Теннисшілер «Ролан Гаррос» ұйымдастырушыларын сынап, наразылық ретінде бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты шектеген. Кейін осыған ұқсас акция Уимблдонда да жоспарланғанымен, ол өткізілмеді.

Осыдан кейін «Үлкен дулыға» турнирлерінің ұйымдастырушылары ойыншылармен тікелей байланыс орнату үшін арнайы консультативтік кеңес құратынын жариялады.

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған