Мәзір
Теннис

US Open: Новак Джокович бір жыл ішінде ерекше рекорд орнатты

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
US Open: Новак Джокович бір жыл ішінде ерекше рекорд орнатты

Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде сербиялық Новак Джокович жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте 7-ші орында тұрған танымал теннисші корт иесі Тейлор Фрицті 3:1 есебімен қапы қалдырды. Кездесуде америкалық теннисші серб ойыншысына қарсы матчта тегеурін көрсеткенімен, шешуші сәтте 6:3, 7:5, 3:6, 6:4 нәтижелерімен жарысты ширек финалдан аяқтауға мәжбүр болды.

Новак Джокович бұған дейін «Үлкен Дулыға» турнирлерінде 24 мәрте жеңіске жеткен. Ол биылғы маусым барысында ең басты «Үлкен дулыға» турнирлерінің жартылай финалына өткен жасы үлкен спортшы атанып отыр.

Сербия теннисші 2025 жылы Аустралияның ашық чемпионатында, сондай-ақ, Ролан Гаррос (Франция) және Уимблдон (Англия) бәсекелерінде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Енді ол финал жолдамасын әлемнің №2-ші ракеткасы саналатын испан теннисшісі Карлос Алькараспен сарапқа салады.

Спортшы өзінің тың бабында емес екеніне қарамастан алдағы екі күндік үзілікте өз қалпына келіп үлгеретінін айтып отыр.  

Фото: GoTennis.ru

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар