457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Уимблдон қарсаңында Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирі қарсаңында әлемдік рейтингте көш бастау мүмкіндігі, дайындық барысы және 2022 жылғы тарихи жеңісі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Лондондағы баспасөз мәслихатында теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атану өзіне үлкен жетістік болатынын, алайда қазір басты назарын рейтингке емес, әр матчқа аударып отырғанын айтты.

Әлемдік рейтингте көш бастасам, бұл керемет нәтиже болар еді. Бірақ шынымды айтсам, бұл туралы көп ойланбаймын. Соңғы нәтижелерім көңілдегідей болған жоқ. Қазір мен үшін әр матчтан кейін келесісіне сенімді қадам басу маңызды, – деді Рыбакина.

2022 жылғы Уимблдон чемпионы көгалдағы маусымға дайындық кезінде дене дайындығы мен кортқа бейімделуге ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

Көгалдағы кортта алғашқы соққыдан-ақ белсенді болып, бастаманы қолға алу өте маңызды. Біз осы бағытта көп жұмыс істедік. «Ролан Гарростан» кейін дайындалуға жеткілікті уақыт болды. Енді оның нәтижесін турнир барысында көреміз, – деді ол.

Сондай-ақ Рыбакина 2022 жылғы Уимблдондағы чемпиондықты күтпегенін айтып, сол турнир өзіне үлкен тәжірибе бергенін жеткізді.

Мен ол жеңісті мүлде күтпеген едім. Бұған дейін мұндай деңгейде ұзақ ойнап көрмегенмін. Ширек және жартылай финалдардан бастап қатты қобалжыдым. Бірақ сол қысымды жеңіп, чемпион атанғаныма мақтанамын. Қазір мұндай жағдайларды әлдеқайда сабырлы қабылдаймын, – деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында Елена Рыбакина WTA рейтингінде 154-орында тұрған франциялық Лоис Буассонмен кездеседі.

 

Фото Global Look Press