457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Уимблдон финалисі маңызды турнирде жеңіліп қалды

Бұл сын Кирьостың 2025 жылдың наурыз айынан бері өткізген алғашқы ресми жекелей ойыны болып отыр. 

Уимблдон-2022 турнирінің финалисі, аустралиялық теннисші Ник Кирьос бір жыл ішіндегі алғашқы ATP турниріндегі матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz

30 жастағы Кирьос Брисбенде өткен ATP турнирінің бірінші айналымында әлемнің 58-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Бұл - Кирьостың 2025 жылдың наурыз айынан бері өткізген алғашқы ресми жекелей ойыны болып отыр. 

Ковачевич келесі кезеңде британдық Кэмерон Норримен кездеседі.

Айта кетейік, Ник Кирьос - ATP-ның 11 турнирінің жеңімпазы. Оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жекелей сындағы ең үздік нәтижесі — Уимблдон финалы (2022). Сонымен қатар ол 2022 жылы Аустралия ашық чемпионатында жұптық сында топ жарған.

Денсаулығына байланысты Кирьос ұзақ уақыт кортқа шықпаған. Ол 2025 жылдың наурыз айынан кейін ойнамай, тек желтоқсан айының басында жарысқа қайта оралған еді. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 670-орында тұр.

Соңғы үш жыл ішінде Кирьос жекелей сында бар болғаны екі жеңіске қол жеткізген. Ол 2025 жылы наурызда Майамиде Маккензи Макдональдты, сондай-ақ жуырда өткен «Жыныстар шайқасында» Арина Соболенконы жеңген болатын.

Фото: Getty Images