Уимблдон-2026: жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды
Лондонда өтіп жатқан маусымдағы үшінші «Үлкен дулыға» турнирі – Уимблдон жарысында әйелдер арасындағы жартылай финалға шыққан барлық теннисші анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 13-орында тұрған украиналық Марта Костюк ширек финалда италиялық Жасмин Паолиниді (17-орын) екі сетте – 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Тағы бір ширек финалда чехиялық Линда Носкова (12-орын) бельгиялық Элизе Мертенстен (27-орын) 6:3, 7:5 есебімен басым түсіп, үздік төрттікке жолдама алды.
Осылайша, Марта Костюк пен Линда Носкова өз мансабында алғаш рет Уимблдонның жартылай финалында өнер көрсетеді. Олар енді финал жолдамасы үшін өзара кездеседі.
Екінші жартылай финалдық жұпты америкалық Кори Гауфф (7-орын) пен чехиялық Каролина Мухова (9-орын) құрайды. Осы кездесудің жеңімпазы турнирдің финалына шығады.
Фото: Matthias Hangst / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған