457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Уимблдон-2026 турнирі: Елена Рыбакина екінші кезеңде жеңіске жетті

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:2.

Теннисшілер кортта 1 сағат 11 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі.

Фото: ҚТФ