457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тимофей Скатов Мароккодағы турнирді сәтті бастады

Екінші сетте Т.Скатов 4:1 есебімен алға шыққан сәтте қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 195-ракеткасы Тимофей Скатов Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 128-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноға тап келді.

Іріктеудің 3-ракеткасы болып тіркелген италиялық теннисші фаворит саналған еді.

Бірінші партияда А.Пеллегрино 6:3 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте Т.Скатов 4:1 есебімен алға шыққан сәтте қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалында әлемнің 141-ракеткасы, тунистік Моэ Эшаргимен шеберлік байқасады. М.Эшарги рейтингіде 939-сатыдағы марокколық Юнес Лалами-Лааруссиден айласын асырды – 6:4, 7:6 (7:3).

Т.Скатов тунистік теннисшіні жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Фото: ҚР ҰОК