457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанадағы Beeline Arena корттарында ересектер арасындағы теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ел біріншілігінде ерлер мен әйелдер арасында жекелей және жұптық сындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Алматы қаласының өкілі Іңкәр Дүйсебай чемпион атанды. Күміс жүлдені астаналық Сандуғаш Кенжебаева жеңіп алса, қола медаль Ақтөбе облысының теннисшісі Ева Корышеваға бұйырды.

Ерлер арасындағы жекелей сында Ақтаудан келген Даниял Рахматуллаев алтын медаль жеңіп алды. Қызылорда облысының өкілі Ерасыл Ерділда екінші орынға ие болса, үшінші орынды Ақтөбе облысының спортшысы Мансұр Саинов иеленді.

Әйелдер арасындағы жұптық сында Алматы қаласының теннисшілері Асылжан мен Еркежан Арыстанбекова чемпион атанды. Күміс жүлдені Іңкәр Дүйсебай мен Альбина Кәкенова иеленсе, Айя Нұпбай мен Анастасия Крымкова қола жүлдегер атанды.

Ерлер арасындағы жұптық сында Ерасыл Бахтияр мен Ерасыл Ерділда жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ілияс Маратұлы мен Ислам Орынбасар еншілесе, Тимур Сауленко мен Арсений Требухин үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарына «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын алуға мүмкіндік беріледі.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ел чемпионаты тәжірибелі теннисшілер мен халықаралық аренада танылып келе жатқан жас спортшыларды бір арнаға тоғыстыратын маңызды дода саналады. Сонымен қатар бұл жарыс қатысушылар үшін маусымдағы басты сындардың бірі әрі алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі болып есептеледі.

 

Фото: ҚТФ