457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теннистен Дубай турниріне қатысқан 40-тан астам шетелдік еліне қайта алмай қалды

Бұлардың арасында осы жарыстың жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев, оның отандасы, Дубайда жартылай финалға дейін жеткен Андрей Рублев бар.

Дубай ATP 500 турниріне барған ойыншылар, бапкерлер, басқа қызметкерлер, барлығы 41 адам Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып отыр, деп жазады malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.  
Бұлардың арасында осы жарыстың жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев, оның отандасы, Дубайда жартылай финалға дейін жеткен Андрей Рублев бар. 

Испанияның Marca газетінің хабарлауынша, барлық спортшының 3 наурыз күні таңмен ұшып кетуіне кепілдік берілген. Алайда бұл елдің әуе кеңістігі ашылған жағдайда ғана мүмкін болмақ. 

Бұдан бұрын теннис делегацияларына көршілес Сауд Арабиясы және Оман арқылы жер үсті көлігімен кету мүмкіндігі ұсынылған, алайда олар бұдан бас тартқан.

Дубай додасына қатысқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик тыйым салынғанға дейін ұшып шығып, АҚШ-қа аман-есен жеткенін әлеуметтік желіде жазды. 

Фото: Кэролайн Фарадж/CNN