457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теннисші Заңғар Нұрланұлы ересектер арасында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Енді ол ATP рейтингісінде бастапқы ұпайына ие болады.

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 турнирін сәтті бастады, деп жазады malimsports.kz
Қазақпараттың хабарлауынша, қазақстандық теннисші алғашқы айналымда Беларусь өкілі, 18 жастағы Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, Заңғар ересектер арасында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Енді ол ATP рейтингісінде бастапқы ұпайына ие болады.

Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін әлемнің 811-інші, осы жарыстың төртінші ракеткасы, таиландтық Вишайя Тронгчароенчайкулмен таласады.

Осыған дейін З.Нұрланұлы тек жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен еді. Ол биыл жасөспірімдер арасында жекелей сында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетті.

Тағы бір қазақстандық, ATP рейтингісінде 1115-орындағы 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуінде тунистік Махмуд Шетуанның мысын басты – 6:1, 6:3.

Әмір екінші айналымда әлемнің 634-ракеткасы, ресейлік Игорь Кудряшовпен шеберлік байқасады.

Фото: ҚР теннис федерациясы