Мәзір
Теннис

Теннисші Аружан Сағындықова Үндістан турнирінде қарсыласын ойсырата жеңді

Сабина Асқарқызы 121 қаралым
Теннисші Аружан Сағындықова Үндістан турнирінде қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 845-ракеткасы Аружан Сағындықова Нью-Дели (Үндістан) ITF W35 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін үндістандық Рия Сачдевамен өткізген. Бірінші партияда Аружан 6:2 есебімен басымдылық танытты.

А.Сағындықова екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:1.

Матч 1 сағат 4 минутта аяқталды. 

Аружан Сағындықованың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Фото: sports.kz

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар