Теннисші әпкелі-сіңлілі Уильямстар Уимблдонға қайта оралады
Теннис тарихындағы ең танымал жұптардың бірі - әпкелі-сіңлілі Серена Уильямс пен Винус Уильямс Уимблдон турниріне қайта оралады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыс ұйымдастырушыларының хабарлауынша, қос спортшы әйелдер арасындағы жұптық сында бірге өнер көрсетеді. Әлемдік теннистің аңыздары саналатын Уильямс әпкелі-сіңлілерінің қайтадан бір кортта бас қосуы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Әлеуметтік желіде жарияланған хабарламадан кейін жанкүйерлер қуаныштарын жасырмады.
«Қош келдіңіздер!», «Арман орындалды», «Олардың оралуын асыға күтіп жүрмін», «Аңыздар қайта оралды» деген пікірлер көптеп жазылды.
Айта кетейік, жақында Серена Уильямс ұзақ үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған болатын. Ол Әйелдер теннисі қауымдастығының 500 санатындағы турниріне қатысып, кәсіби мансабын қайта жалғастырды. Теннис жұлдызы 2022 жылдан бері ресми жарыстарда өнер көрсетпеген еді.
Уильямс әпкелі-сіңлілері әлемдік теннис тарихындағы ең табысты жұптардың бірі саналады. Олар бірге өнер көрсеткен жылдары бірнеше мәрте «Үлкен дулыға» турнирлерінде топ жарып, әйелдер теннисінің дамуына елеулі үлес қосты.
Фото: Ашық дереккөзден
Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2028 іріктеу кезеңінің жеребесінде бірінші себетке түсті
Ең көп оқылған