457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теннис жұлдызы Винус Уильямс тұрмысқа шықты

Үйлену тойының келесі кезеңі желтоқсан айының ортасында Палм-Бич қаласында өтті.

Теннисші Винус Уильямс пен актер Андреа Прети ресми түрде некеге тұрды. Ерлі-зайыптылар Флорида штатында өткен салтанатты рәсімнен кейін бес күнге созылған үйлену тойын атап өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үйлену тойының келесі кезеңі желтоқсан айының ортасында Палм-Бич қаласында өтті. Бұл - Винус пен оның сіңлісі, атақты теннисші Серена Уильямс өскен мекен.

Бес күндік мерекелеу дүйсенбі күні басталған. Серена Уильямс жас жұбайларға яхта сыйлап, кештің барлық ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнына алған. Яхтада 10-12 ең жақын туыстары мен достары жиналып, ән айтып, билеп, бірге уақыт өткізген. Апта бойы Флоридада тағы бірнеше мерекелік кештер ұйымдастырылған, соның ішінде аулада өткен азиялық стильдегі кешкі ас пен бас бос қыздар кеші де болды.

Сәрсенбі күні Винус пен Андреа жақындарымен бірге Майамиге романтикалық кешкі асқа барса, келесі күні спорттық ойындарға толы белсенді күн ұйымдастырылды. Мерекенің соңғы күні, жұма таңғы 6:45-те Палм-Бич сот ғимаратында некелері ресми түрде тіркелді. Олар бұл уақытты зал толығымен өздеріне тиесілі болуы үшін таңдаған.

Винус Уильямс бұл сәтті ерекше әдемі, тыныш әрі әсерлі деп сипаттаса, Андреа Прети соттағы рәсімді өміріндегі ең терең сезімге толы күндердің бірі деп атады. Оның айтуынша, ең бақытты күні – Италияда өткен олардың алғашқы үйлену тойы болған.

Фото: Ашық дереккөзден