457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теннис: Александр Бублик Қазақстанды жеңілістен құтқара алмады

Екі күнге созылған кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Астанада Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясындағы плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Монако командасына жол берді.

Екі күнге созылған кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың алғашқы күнінде Қазақстан көшбасшысы Александр Бублик қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде ұтты. Алайда одан кейін Александр Шевченко Монако теннисшісіне дәл осындай есеппен (0:6, 3:6) есе жіберіп, есеп теңесті.

Екінші күні жұптық кездесуде Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Монако өкілдері Роман Арнеодо – Уго Нис жұбына қарсы ойнап, тартысты матчта 7:6, 6:7, 6:7 есебімен жеңілді.

Шешуші кездесуде командалардың үздік ойыншылары – әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 27-орындағы Валантен Вашро кортқа шықты. Бұл ойында Вашро екі сетте де тай-брейкте басым түсіп, 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша жалпы есеп 3:1 болып, матч Монако құрамасының пайдасына шешілді. Қалған бір кездесу өткізілгенімен, нәтиже өзгермейді.

Фото: ҰОК