457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ташкенттегі халықаралық турнирде қазақстандықтар екі алтын медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы жарысты жеті жүлдемен қорытындылады.

Ташкент қаласында 22 елдің спортшылары қатысқан WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды, деп жазады malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты жеті жүлдемен қорытындылады.

Алтын медальдарды U19 жас санатында Алан Құрманғалиев пен U13 санатында Жания Бекмұхамбетова жеңіп алды. Күміс жүлдені U11 жас санатында Назерке Болатбек иеленді.

Ал U11 санатында Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева қола жүлдегер атанды. Осылайша, қазақстандық жас теннисшілер халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жеті медаль салды.

Фото: ҰОК