Тарихи жетістік: Australian Open микстінде чемпиондар атағын қорғады
Аустралиялық теннисшілер Оливия Гадеки мен Джон Пирс маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі - Australian Open додасының микст санатында чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалда олар Франция өкілдері Кристина Младенович пен Мануэль Гинарды 4:6, 6:3, 10:8 есебімен жеңді.
23 жастағы Гадеки мен 37 жастағы Пирс екінші жыл қатарынан Australian Open микстінде топ жарды. Осылайша, 1989 жылдан бері алғаш рет бұл турнирде микст санатында чемпиондар өз атақтарын қорғап қалды.
Бұл жеңіс Гадеки үшін мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулы болса, Пирстің жетістіктер қоржынында Australian Open-2017 (жұптық разряд), US Open-2022 (микст), Париж-2024 Олимпиадасының алтыны (жұптық) және Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдесі (микст) бар.
Айта кетейік, Australian Open турнирі 1 ақпанда мәресіне жетеді. Байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрайды.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған