Швёнтек пен Свитолина жартылай финалда: Рыбакинаны маңызды матч күтіп тұр
Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде алғашқы ширек финалдық кездесулер аяқталып, жартылай финалға шыққан екі теннисші белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жартылай финалдың алғашқы жұбын польшалық Ига Швёнтек пен украиналық Элина Свитолина құрады. Енді қос теннисші финал жолдамасы үшін өзара кездеседі.
Турнирдің жетінші ракеткасы ретінде тіркелген Швёнтек ресейлік Диана Шнайдерді 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 64 минутқа созылды.
Ал тоғызыншы нөмірмен жарыс жолына шыққан Элина Свитолина тағы бір ресейлік теннисші Екатерина Александровамен үш сетке созылған матч өткізді. Украина өкілі қарсыласын 3:6, 6:0, 6:3 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалдың қалған екі қатысушысы Кори Гауфф (АҚШ) – Белинда Бенчич (Швейцария) және Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина – Наоми Осака (Жапония) арасындағы кездесулерден кейін анықталады.
Торонто WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 7,4 млн долларды құрайды. Жарыс 13 тамызда мәресіне жетеді.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған