Мәзір
Теннис

Соня Жиенбаева теннистен АҚШ турнирінің ширек финалында сынға түседі

Сабина Асқарқызы 178 қаралым
Соня Жиенбаева теннистен АҚШ турнирінің ширек финалында сынға түседі

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда ол ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.

Бұған дейін әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық теннисші Ресей өкілі Екатерина Александровадан (WTA рейтингі бойынша 10-орын) 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар