Мәзір
Теннис

Соня Жиенбаева Португалиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 51 қаралым
Соня Жиенбаева Португалиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, 20 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Коройос-Сейшал (Португалия) ITF W50 турнирін сәтті бастады, деп жазады malimsports.kz.

Қазақпараттың жазуынша, қытайлық Хан Шимен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда чехиялық Габриэла Кнутсон - америкалық Габриэла Вилардың мысын басты.

Кездесу 6:2, 6:1 есебімен қазақстандық-қытайлық жұптың пайдасына шешілді.

Бәсеке 50 минутта аяқталды. 

Соня Жиенбаева - Хан Ши жартылай финалға шығу үшін аустралиялықтар Элла Симмонс - Эми Стивенспен таласады.

С.Жиенбаева аталмыш додада жекелей сында да өнер көрсетеді.

Фото: ҚР МОҚ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар