Мәзір
Теннис

Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 37 қаралым
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан W75 санатындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ширек финалда әлемдік рейтингте 630-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 230-сатысындағы Ұлыбритания өкілі Амарни Бэнкс Даднимен кездесті.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Соня Жиенбаева жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Финалға шығу үшін Соня әлемдік рейтингте 324-орында тұрған жапониялық Оливия Сайгомен кездеседі.

Фото: ҚТФ 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар