457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирінің финалына шықты

19 жастағы қазақстандық спортшы үшін бұл соңғы екі аптадағы екінші финал болмақ.

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

19 жастағы қазақстандық спортшы үшін бұл соңғы екі аптадағы екінші финал болмақ.

Жекелей сындағы жартылай финалда WTA рейтингінде 450-орында тұрған Жиенбаева әлемнің 272-ракеткасы, португалиялық Матильда Жоргені жеңіп, сенсация жасады.

2 сағат 36 минутқа созылған тартысты кездесу үш сетте аяқталды. Алғашқы партияда тай-брейкте есе жіберген қазақстандық теннисші кейін ойын барысын өзгертіп, 6:7 (8:10), 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

16 тамызда өтетін финалда Жиенбаева Қытай өкілі Юфэй Жэньмен кездеседі. Қытайлық теннисші әлемдік рейтингте 332-орында тұр.

Айта кетейік, өткен аптада Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 турнирінде де финалға дейін жеткен еді.

Ал Виго турнирінің жұптық сынында Жиенбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жартылай финалда жарыс жолын аяқтады. Қазақстан-Ресей жұбы Виктория Гомез (Испания) – Аранча Рус (Нидерланд) дуэтіне 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ең көп оқылған