457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Соня Жиенбаева АҚШ турнирінің жеңімпазы атанды

Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды malimsports.kz
Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.
Жиенбаева Бродус финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Виктория Осигве Алана Смитпен бетпе-бет келді. 
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 4:0, 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін корт иелері есепті сәл қысқартқанымен, Жиенбаева — Бродус сетті тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:3. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Соня - Саванна брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды - 6:3.
Чемпиондық матч 1 сағаттан астам уақытқа созылды.

Фото: ҚР теннис федерациясы