Мәзір
Теннис

Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық 19 жастағы теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Остин қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Соня америкалық теннисші Саванна Бродуспен бірге жұп құрап барлық төрт матчта да жеңіске жетті. Финалда Жиенбаева – Бродус дуэті жарыстың басты фавориттері – америкалық Виктория Осигве мен Алана Смитке қарсы шықты.

Бірінші сетте қазақстандық-америкалық жұп 4:0, кейін 5:1 есебімен алға шығып, басымдықты уысынан шығармады. Қарсыластар есепті қысқартқанымен, Соня мен Саванна бір брейк артықшылығымен сетті 6:3 есебімен аяқтады.

Екінші партияда есеп 4:3 болған сәтте Жиенбаева – Бродус тағы бір маңызды брейк жасап, сол артықшылықты сақтап қалды – 6:3.

Осылайша, Соня Жиенбаева жұптық сында турнирдің чемпионы атанып, кезекті табысына қол жеткізді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар