457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Соболенко Рыбакинаға қарсы ойын үшін қатты қобалжулы екенін айтты

Соболенко 2023 жылғы Индиан-Уэллс финалын еске алып, ол матчта тартыс өте жоғары болғанын айтты.

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирі финалының алдында қазақстандық Елена Рыбакинамен болатын матчқа қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады malimsports.kz

WTA 1000 санатындағы жарыстың жартылай финалында Соболенко чехиялық теннисші Линда Носкованы жеңсе, Рыбакина украиналық Элина Свитолинадан басым түсіп, финалға жолдама алды. Шешуші кездесу 15 наурыз күні өтеді.

Соболенко 2023 жылғы Индиан-Уэллс финалын еске алып, ол матчта тартыс өте жоғары болғанын айтты.

«2023 жылғы Еленамен өткен финалды толық есіме түсіре алмаймын. Бірақ сол матчтағы тай-брейктің өте ауыр болғаны есімде. Бірінші сетті ұтылып қалдым, ал екінші сетте де ойын оңай болмады. Еленамен ойнағанда әрқашан өте агрессивті теннис көрсетіледі. Әдетте ұпай тағдырын алғашқы екі соққы шешеді. Егер сол сәттерде басымдық танытсаңыз, ұпайды ұтып алу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан бұл өте жылдам әрі агрессивті ойын болады. Шынымды айтсам, мен финал алдында толқып тұрмын», - деді теннисші жартылай финалдан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, матч барысында ойын жоспарына назар аударып, әр ұпайдағы ұсақ детальдарға мән беру маңызды.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің финалында бұл екі теннисші 2023 жылы да кездескен. Сол кезде жеңіс қазақстандық Елена Рыбакинаға бұйырған еді.

Фото: Getty Images