Синнер «Мастерс» турнирінде қатарынан үш рет бірде-бір сет бермей жеңіске жеткен теннисші атанды
Әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер «Мастерс» сериясындағы турнирлерде қатарынан үш рет бірде-бір сет жоғалтпай жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы теннисші атанды, деп жазады malimsports.kz.
Синнер АҚШ-тың Майами қаласында өткен турнирдің финалында чехиялық Иржи Легечка спортшысын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды. Екінші нөмірмен тіркелген италиялық теннисші сенімді ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Легечка жарысқа 21-ші нөмірмен қатысқан.
24 жастағы Синнер Opta дерегінше, «Мастерс» сериясындағы үш турнирді қатарынан бірде-бір сет бермей жеңіп алған тарихтағы алғашқы ойыншы болды. Бұған дейін ол 2025 жылдың қарашасында Парижде және 2026 жылдың наурызында Индиан-Уэллсте өткен турнирлерде топ жарған. «Мастерс» жүйесі 1990 жылдан бері өткізіліп келеді.
Сонымен қатар Синнер «Күн дублін» (Sunshine Double) жүзеге асырды — бір маусымда Индиан-Уэллс пен Майами турнирлерін қатарынан жеңіп шықты. Бұған дейін мұндай жетістікке тек жеті теннисші қол жеткізген: Джим Курье (1991), Майкл Чанг (1992), Пит Сампрас (1994), Андре Агасси (2001), Марсело Риос (1998), Роджер Федерер (2005, 2006, 2017) және Новак Джокович (2011, 2014, 2015, 2016).
Бұл Синнер үшін маусымдағы екінші және мансабындағы 26-шы титул болды. Оның еншісінде «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төрт жеңіс бар: ол екі рет Australian Open (2024, 2025), бір рет US Open (2024) және Wimbledon (2025) жарыстарында топ жарған.
Сондай-ақ, 2023 және 2024 жылдары Италия құрамасы сапында Кубок Дэвиса жеңімпазы атанды.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған