457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серена Уильямс төрт жылдық үзілістен кейінгі алғашқы «Уимблдон» матчында жеңіліп қалды

23 дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы, америкалық теннисші Серена Уильямс Лондонда өтіп жатқан маусымдағы үшінші «Үлкен дулыға» жарысы – «Уимблдонның» алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

44 жастағы америкалық теннисші алғашқы кезеңде әлемдік рейтингте 87-орында тұрған 20 жастағы аустралиялық Майя Джойнтқа 3:6, 7:6 (8:6), 3:6 есебімен есе жіберді.

Уильямс турнирдің негізгі кезеңіне ұйымдастырушылар ұсынған арнайы шақырту (wild card) арқылы қатысқан болатын.

Бұл кездесу Серена Уильямстың 2022 жылдан бері жекелей сындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алғашқы ойыны болды.

Теннисші биыл маусым айының басында төрт жылдық үзілістен кейін кәсіби мансабын қайта жалғастырды. Ол мансабында Australian Open турнирінде жеті, Ролан Гарроста үш, Уимблдонда жеті және US Open додасында алты рет чемпион атанған. Жалпы есепте WTA турнирлерінің жекелей сынында 73 чемпиондық атақ жеңіп алған.

Биылғы «Уимблдон» турнирінің жалпы жүлде қоры шамамен 85 миллион АҚШ долларын құрайды. Турнир 12 шілдеде мәресіне жетеді.

 

Фото: Cameron Spencer / Getty Images