Сенсация: Арина Соболенко Уимблдон турнирінде жеңіліп қалды
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Уимблдон-2026 турнирін күтпеген жерден төртінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Беларусь теннисшісі 1/8 финалда әлемнің 14-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакаға 2:6, 6:7 (2:7) есебімен жол берді.
Осылайша, Соболенко 2022 жылғы US Open турнирінен бері алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысының ширек финалына шыға алмады. Бұған дейін ол қатарынан 14 Grand Slam турнирінде үздік сегіздікке еніп келген еді.
Өз кезегінде Наоми Осака беларусь спортшысын сегіз жылдан кейін алғаш рет жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді ол чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Айта кетейік, Соболенко Уимблдонда 2021 жылдан бері алғаш рет ширек финалдан тыс қалды. Оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі – 2021, 2023 және 2025 жылдардағы жартылай финал. Ал 2022 және 2024 жылдары жарысқа қатыспаған болатын.
Қазіргі таңда Арина Соболенко WTA турнирлерінде 24 чемпиондық титул жеңіп алған. Оның төртеуі – «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің жеңімпаздық атағы.
Фото: Cameron Spencer / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған