457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сарапшылар Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына өтетініне сенім білдірді 

Қазақстандық теннисші америкалық спортшы Хейли Баптистпен кездеседі

Ресейлік VseProSport.ru сайты АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен америкалық спортшы Хейли Баптист арасындағы матчқа болжам жасады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Кездесу 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні өтеді. Басылым сарапшыларының пікірінше, бұл ойында Рыбакина айқын фаворит саналады және қарсыласын сенімді түрде жеңеді.

Сарапшылардың айтуынша, Рыбакина Баптистпен бұған дейін бір рет кездесіп, екі сетте жеңіске жеткен. Сондықтан алдағы матч та осыған ұқсас сценариймен өтуі мүмкін. Сонымен қатар америкалық теннисші Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы кездесуінде қарапайым қарсылас — Эмилиана Арангоға қарсы ойында айтарлықтай қиындық көргені атап өтілген.

Бұдан бөлек, биыл ашық хард корттарда Рыбакинаның статистикасы өте жақсы: ол 12 матчта жеңіске жетіп, тек үш рет жеңілген. Сондай-ақ қазақстандық теннисші маусым басында Австралия ашық чемпионатында топ жарған.

Осы көрсеткіштерге сүйенген сарапшылар Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына сенімді түрде өтеді деп болжайды.

Фото: Ашық дереккөзден