Rallyher.com сайты әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Дубайда (БАӘ) өткен WTA 1000 санатындағы турнирден шығып қалуы WTA турындағы жарыстар кестесінің тым тығыз екенінің бір дәлелі болуы мүмкін екенін атап өтті, деп жазады malimsports.kz.
Sports.kz-тің жазуынша, Рыбакина хорватиялық Антония Ружичке қарсы матчтың үшінші сетінде өзін жайсыз сезінуі мен жалпы шаршағанын алға тартып, ойынды жалғастырудан бас тартты. Ал Еленаның ТОП-3-тегі басты қарсыластары - Арина Соболенко мен Ига Швёнтек - Дубайдағы «мыңдық» турниріне мүлде қатыспау туралы шешімді жарыс басталмай тұрып-ақ жариялаған.
Сонымен қатар Дубайда тағы бірнеше танымал теннисші жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Олардың қатарында Мария Саккари, Дарья Касаткина, Чжэн Циньвэнь, Паула Бадоса және басқалар бар.
«Елена Рыбакина - турнирден шығып қалған жоғары рейтингті теннисшілердің ең соңғысы. Жуырда ғана Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің екінші ракеткасы мәртебесіне жақындаған ол Дохадағы жарысқа қатысып, кейін Дубайға келген. Алайда Антония Ружичке қарсы матч барысында сырқатына байланысты ойынды тоқтатты. Оның шешімі маусымның бастапқы кезеңіндегі жарыс кестесі тым тығыз емес пе деген ауқымды талқылауға түрткі болды. Соболенко мен Швёнтектен айырмашылығы, Рыбакина Мельбурндағы турнирден кейін де ойнауын жалғастырды. Мүмкін, Дубай жарысы ол үшін тым ауыр сынақ болған шығар», - деп жазылған жазбада.
Фото: Ашық дереккөзден