457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рыбакина жылды әлемнің бесінші ракеткасы ретінде аяқтады

Әлемдік рейтингте көшбасшылықты беларусьтік Арина Соболенко сақтап қалды

Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) 2025 жылдың соңында жеке және жұптық рейтингтерді жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бірінші жүз теннисшінің арасында аздаған өзгерістер болды. Бірақ Қазақстан теннисшілеріне бұл әсер етпеді. Елена Рыбакина өз позициясын сақтап, әлемнің бесінші ракеткасы болды. Ал спортшы өткен күні тарихтағы бірінші құрлық кубогында жеңімпаз атанды. Бірақ турнир көрме сипатында болып, WTA рейтингіне есептелмеді.

Юлия Путинцева жылды 71-ші орынмен аяқтады. Әлемдік рейтингте көшбасшылықты беларусьтік Арина Соболенко сақтап қалды. Ол жексенбі күні көрме сипатындағы турнирде австралиялық Ник Кирьосқа ұтылды. Рыбакинаның алдында және одан жоғары орналасқан теннисшілер: поляк Ига Швентек, американдықтар Коко Гауфф және Аманда Анисимова.

Жұптық рейтингте жылды чехиялық Катерина Синякова бірінші ракетка болып аяқтады. Қазақстандық теннисшілер арасында тек Анна Данилина топ-100-де бар, ол 15-ші орынға жайғасты.

Фото: Ашық дереккөзден