Рыбакина Майами турнирінде титулға таласуға дайын екенін мәлімдеді
Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамиде өтетін WTA 1000 санатындағы турнир алдында өз ойын білдірді, деп жазады malimsports.kz.
Теннисші бұл қала мен турнир атмосферасы өзіне ұнайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Майамидегі корттар Индиан-Уэллске қарағанда жылдамырақ, бұл оның ойын стиліне тиімді әсер етеді.
Бұл жерде жақсы мейрамханалар көп, уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік бар. Жалпы, Майамидің атмосферасы маған ұнайды. Мұнда екі рет титулға өте жақын болдым. Бұл маған қосымша мотивация береді. Әрине, турнир өте қиын болады, бірақ соңына дейін жету үшін бар күшімді саламын, - деді Рыбакина.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол бұған дейін 2023 және 2024 жылдары осы турнирдің финалына дейін жеткен еді.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының ширек финалына қандай клубтар жолдама алды
Ең көп оқылған