Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирден ерте шыққанына қарамастан, үздік үштіктегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық теннисші 8 143 ұпаймен әлемнің екінші ракеткасы атанып отыр. Көш басында 9 090 ұпаймен Арина Соболенко орналасса, үшінші орында 6 733 ұпай жинаған Ига Швёнтек келеді.
Айта кетейік, Рыбакина жуырда Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында Ұлыбритания өкілі Кэти Боултерге 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жол беріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.
Қазақстандық теннисшілер арасында өзгерістер де болды. Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 87-орынға түсті. Жібек Құламбаева 40 орын жоғалтып, 476-сатыға жайғасты. Ал Аружан Сағандықова 28 орынға көтерілді. Ең үлкен серпілісті Соня Жиенбаева жасап, Қытайдағы жарыстардан кейін бірден 135 орынға жоғарылап, әлемдік рейтингте 902-орынға шықты.
Фото: instagram/wta