Рыбакина әлемдегі ең табысты спортшылардың бірі атанды
Sportico порталы 2025 жылдың ең көп табыс тапқан әйел спортшыларының тізімін жариялады. Тізімге Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина да енген, деп хабарлайды malimsports.kz.
Басылымның жазуынша, биыл әлемнің ең жоғары жалақы алатын 15 әйел спортшысы жүлделерден, жалақыдан, бонустардан және демеушілік келісімдерден жалпы 249 млн доллар тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% көп болып отыр.
2025 жылы ең көп табыс тапқан 15 спортшының қатарына 10 теннисші, екі гольфист, бір баскетболшы, бір гимнаст және бір шаңғышы еніп отыр.
Үшінші жыл қатарынан тізімнің көшін Беларусь теннисшісі Арина Сабаленка бастап тұр. Оның жылдық табысы 30 млн доллар. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы рейтингте 9-орынға тұрақтады, оның табысы 12,6 млн доллар деп бағаланған.
Sportico нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең көп табыс тапқан спортшыларының ТОП-15 тізімі:
Кори Гауфф (АҚШ) — 31 млн доллар
Арина Соболенко (Беларусь) — 30 млн доллар
Ига Швёнтек (Польша) — 23,1 млн доллар
Эйлин Гу (Қытай) — 20 млн доллар
Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 20,6 млн доллар
Кейтлин Кларк (АҚШ) — 16,1 млн доллар
Нелли Корда (АҚШ) — 13,8 млн доллар
Мэдисон Киз (АҚШ) — 13,4 млн доллар
Елена Рыбакина (Қазақстан) — 12,6 млн доллар
Наоми Осака (Жапония) — 12,5 млн доллар
Симона Байлз (АҚШ) — 11 млн доллар
Аманда Анисимова (АҚШ) — 10,8 млн доллар
Джессика Пегула (АҚШ) — 10,5 млн доллар
Винус Уильямс (АҚШ) — 10,2 млн доллар
Джино Титикул (Таиланд) — 10 млн доллар.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған