«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққан теннисшілер белгілі болды
Парижде өтіп жатқан жүлде қоры 62 миллион еуроға жуық «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы ширек финалға жолдама алған барлық қатысушы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко жапониялық Наоми Осаканы 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы ширек финал жұптары төмендегідей:
Арина Соболенко (Беларусь) – Диана Шнайдер (Ресей);
Анна Калинская (Ресей) – Майя Хвалиньска (Польша);
Элина Свитолина (Украина) – Марта Костюк (Украина);
Мирра Андреева (Ресей) – Сорана Кырстя (Румыния).
Айта кетейік, Серена Уильямс 1 маусым күні кәсіби мансабын қайта жалғастыратынын мәлімдеді.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған