«Ролан Гаррос» турнирінің финалистері анықталды
Италиялық теннисші Флавио Коболли маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» турнирі саналатын «Ролан Гарростың» финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жартылай финалда 24 жастағы, жарыстың оныншы нөмірлі теннисшісі Флавио Коболли отандасы Маттео Арнальдимен кездесуі тиіс болған. Алайда әлемдік рейтингте 104-орында тұрған Арнальди ішек вирусына байланысты матчқа қатысудан бас тартты.
Осылайша Коболли техникалық жеңіспен турнирдің финалына шықты.
Шешуші кездесуде ол әлемнің үшінші ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен чемпиондық атақ үшін таласады.
Қазіргі таңда Флавио Коболли әлемдік рейтингте 14-орында тұр. Оның еншісінде ATP турнирлеріндегі үш чемпиондық атақ бар. Бұл – италиялық теннисшінің мансабындағы «Үлкен дулыға» жарысындағы алғашқы финалы.
Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 61,723 миллион еуроны құрайтын «Ролан Гаррос» турнирі 7 маусымда мәресіне жетеді.
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған