457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ролан Гаррос» турнирінің финалисі қонақүй ақысын демеушінің көмегімен төлеуге мәжбүр болды

OSHEE компаниясы оның Париждегі қонақүй шығындарын толық өтеген.

Польшалық теннисші Майя Хвалиньская «Ролан Гаррос» турниріне қатысу кезінде Париждегі қонақүй ақысын төлеуге демеушінің көмегі қажет болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік рейтингте 114-орында тұрған спортшының айтуынша, турнир барысында тұру шығындарын жабу қиынға соққан. Себебі теннисшілерге жүлде қаржысы жарыс аяқталғаннан кейін ғана төленеді.

«Қонақүй ақысын төлеу мен үшін шынымен қиын болды. Жүлде қаржысын турнир біткен соң ғана аламыз. Кейін бұл мәселеде польшалық OSHEE компаниясы көмектесті. Бұл мен үшін үлкен тосынсый болды және қатты қуандым», - деді теннисші жартылай финалдан кейінгі баспасөз мәслихатында.

OSHEE компаниясы оның Париждегі қонақүй шығындарын толық өтеген.

Front Office Sports мәліметінше, финалға шығудың өзі Maja Chwalinskaға 1,624 миллион доллар жүлде әкелді. Бұл оның бұған дейінгі бүкіл мансабында тапқан жалпы сыйақысынан (864 мың доллар) екі есеге жуық көп.

24 жастағы теннисші турнирді іріктеу кезеңінен бастап, негізгі сында бірнеше мықты қарсыласын жеңіп шықты. Ол алғаш рет «Ролан Гаррос» негізгі кезеңінде өнер көрсетіп отыр және турнир аяқталған соң мансабында алғаш рет әлемнің үздік 100 теннисшісінің қатарына енеді. Сонымен қатар рейтингте кемінде 21-орынға көтеріледі.

Хвалиньска Ашық дәуір тарихында «Ролан Гаррос» финалына дейін жеткен алғашқы іріктеу кезеңінің қатысушысы атанды. Бұған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінде мұндай жетістікке тек Emma Raducanu қол жеткізген. Ол 2021 жылғы US Open турнирінде іріктеуден өтіп, чемпион атанған еді.

Фото: Ашық дереккөзден