Ресми: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA Live рейтингінде алғаш рет екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
АҚШ-та өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін қазақстандық теннисші 7 523 ұпаймен поляк спортшысы Ига Швентекті басып озды.
Ал ширек финалда украиналық Элина Свитолинадан жеңілген Швентек 7 413 ұпаймен үшінші орынға түсті. Рейтингтің көшін 10 415 ұпаймен белоруссиялық Арина Соболенко бастап тұр.
Индиан-Уэллс турнирі аяқталғанға дейін ұпайлар өзгеруі мүмкін. Дегенмен дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингінде Рыбакинаның екінші орынға көтерілетіні анық. Бұл – оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже.
Фото: ҚТФ
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған